• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 16 Қаңтар, 2026

Павлодарда шетел азаматы бүйрегін 50 мың долларға сатпақ болған

90 рет
көрсетілді

Ресей азаматшасы Қазақстан аумағында ағзасын сату үшін Telegram арқылы мәміле жасасып, алғашқы жарна алу кезінде ұсталған, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодар облыстық сотының баспасөз қызметі хабарлағандай, сотталған әйел 2024 жылы интернет желісінде бүйрегін 50 мың долларға (сол кездегі бағам бойынша 24,5 млн теңге) сату туралы келісім жүргізген. Трансплантация отасы Павлодар қаласында өтуі тиіс болған.

Адам ағзаларын саудалаумен айналысқан күдікті Польшада ұсталды

2025 жылы айыпталушы Қазақстанға келіп, қажетті медициналық тексерулерден өткен. Алайда заңсыз әрекеттің жолы кесіліп, полицейлер оны 5 млн теңге көлеміндегі алғашқы жарнаны алу сәтінде қолға түсірген. Сот отырысында әйел өз кінәсін толық мойындап, жасаған ісіне өкінетінін жеткізген. «Сот шешімімен оған 10 айға бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды. Оның күзетпен ұстауда болған уақыты ескеріліп, жаза өтелді деп танылды. Сотталған әйел сот залынан босатылды», делінген хабарламада. Сот үкімі заңды күшіне енді.

Жаңа туған нәрестелерді сатпақ болған: министрлік адам саудасына қатысты 39 фактіні анықтады

 
Соңғы жаңалықтар