• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Жасанды интеллект 16 Қаңтар, 2026

Cybernet AI түркі тілдеріне арналған ең ірі жасанды интеллект моделін таныстырды

10 рет
көрсетілді

Отандық Cybernet AI стартапы түркі тілдер тобының ерекшеліктерін ескере отырып жасалған сөзді автоматты түрде тануға (ASR) арналған алғашқы ауқымды ИИ-моделін көпшілікке ұсынды, деп хабарлайды Egemen.kz.  
Бұл жоба – Орталық Азияда жасалған осындай деңгейдегі тұңғыш әзірлеме. Бұған дейінгі халықаралық шешімдер негізінен ағылшын тіліне бейімделсе, Cybernet AI моделі бастан-аяқ түркі тілдерінің фонетикасы мен лингвистикалық құрылымына негізделіп жасалған.

Дін бағытындағы ЖИ: Елімізде «Imam AI» мобильді қосымшасы іске қосылатын болды

Жоба Astana Hub, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің қолдауымен Microsoft GPU-инфрақұрылымында іске асырылды. «Cybernet AI әзірлемесі түркі тілдес елдер тобы үшін жасанды интеллектіні қолдана отырып, сапаны жоғалтпастан және қолжетімді бағамен өз ана тілдерінде цифрлық сервистер мен клиенттерге қызмет көрсету деңгейін кеңейтуге жол ашады. Қазақстан үшін бұл – жаһандық ЖИ (жасанды интеллект) шешімдерін тұтынушы рөлінен халықаралық деңгейде бәсекеге қабілетті жеке технологияларды әзірлеуші рөліне өту дегенді білдіреді», деді Astana Hub басқарушы директоры Таңат Өскембаев Жаңа модель қазақ, түрік, өзбек, қырғыз, әзербайжан және татар тілдеріндегі сөздерді таниды. Оның басты артықшылығы – күнделікті өмірде жиі кездесетін аралас түркі-орыс тіліндегі сөйлемдерді де қатесіз түсінуінде. Бұл бизнес пен мемлекеттік қызметтердегі клиенттермен диалогты сапалы деңгейге көтереді. «Біз ағылшын тілді модельдерді бейімдеуден саналы түрде бас тартып, тірі әрі аралас сөйлеу формаларын бастапқыдан түсінетін ASR-моделін жасап шығардық. Бұл әзірлемені жай ғана кезекті технологиялық өнім емес, жергілікті жасанды интеллект экожүйесін қалыптастыруға және Қазақстанның технологиялық егемендігіне қосылған үлес етеді», деп атап өтті Cybernet AI компаниясының техникалық директоры Рашид Исмаилов. Бұл модель мына салалар үшін өте тиімді: Банктер мен қаржы ұйымдары; Телекоммуникация операторлары; Байланыс орталықтары мен логистикалық компаниялар; Мемлекеттік қызмет көрсету құрылымдары.

ЖИ-ді білмей, мақтанба!

Модель шуға, акцентке және бір сөйлем ішінде тіл ауыстыруға төзімді. Бұл клиенттерге қызмет көрсету шығындарын азайтып, жасанды интеллект арқылы тәулік бойы сапалы дауыстық сервис ұсынуға мүмкіндік береді. 

Спортшыларға арналған жасанды интеллект бағдарламасы әзірленіп жатыр

Соңғы жаңалықтар