• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 15 Қаңтар, 2026

Аяз күшейді: Қостанай облысында бірқатар мектеп қашықтан оқиды

20 рет
көрсетілді

Бүгін Қостанай облысында қатты аязға байланысты бірқатар мектеп қашықтан оқыту форматына көшеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

Қостанай қаласында ауа температурасы -30 градусқа дейін төмендеп, желдің жылдамдығы секундына 5 метрді құрап отыр. Осыған байланысты мектепке дейінгі даярлық сыныбын қоса алғанда бірінші ауысымдағы 1-11-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады.

Қарабалық ауданында ауа температурасы -32 градусқа дейін төмендеп, желдің жылдамдығы секундына 16 метрге жеткен. Аталған ауданда да 0-сынып пен 1-11-сынып оқушыларының бірінші ауысымы қашықтан оқытуға көшіріледі.

Бейімбет Майлин ауданындағы барлық мектеп (1-11-сыныптар) қашықтан оқыту форматына көшірілді. Аймақта ауа температурасы -33 градусқа дейін төмендеген.

Рудный қаласында қолайсыз ауа райы жағдайларына байланысты бірінші ауысымдағы 0-9-сынып оқушылардың сабақтары онлайн форматта өтеді.

Сондай-ақ бүгін Ақтөбе қаласында да 1-11-сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына көшірілді.

15 қаңтар күні Астана қаласының мектеп оқушылары ауа температурасының төмендеуіне байланысты толықтай қашықтан оқыту форматына көшірілген еді.

Синоптиктердің мәліметінше, алдағы күндері ел аумағындағы барлық өңірлерде ауа температурасы төмендейді.

Соңғы жаңалықтар