• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар Кеше

Ақтөбеде шетелдік студенттерден ақша бопсалаған ер адам ұсталды

Ақтөбе облысы полициясы шетелдік студенттерді қорқытып, ақша бопсалады деген күдікпен 28 жастағы жергілікті тұрғынды ұстады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Полиция мәліметінше, күдікті жедел-іздестіру шаралары барысында арнайы жасақ қызметкерлерінің қатысуымен ақша алу кезінде қолға түскен.

Тергеудің алдын ала нұсқасына сәйкес, шамамен он күн бұрын ер адам шетелдік студенттермен танысып, кейін олармен бірге қаладағы ойын-сауық орындарының бірінде уақыт өткізген.

Ұрлық, бопсалау, алаяқтық: Қарағанды облысында қылмыстық топ ұсталды

Кейін кафеде есеп айырысуға ақша жетпей қалған кезде, күдікті студенттердің бірін қорқытып, ұялы телефонын ломбардқа өткізуге мәжбүрлеген.

Бұдан соң бірнеше күннен кейін ол шетелдік азаматтан бопсалау арқылы тағы 50 мың теңге алған деген күдікке ілінді.

Қазіргі уақытта аталған дерек бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Айта кетейік, Алматы облысында бопсалау және қарақшылық әрекеттерге қатысы бар деген күдікпен бір топ адам ұсталды.

Жетісу облысында бопсалаумен айналысқан 9 адам сотталды.

Соңғы жаңалықтар