• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Алматы 12 Қаңтар, 2026

Алматыда құны 300 млн теңгеден асатын институт мемлекет меншігіне қайтарылды

20 рет
көрсетілді

Алматы қаласында құны 300 млн теңгеден асатын активтер мемлекет меншігіне қайтарылды. Бұл туралы қала прокуратурасының баспасөз қызметі мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Прокуратура мәліметінше, 2019 жылы «Қазақ мәдениет ғылыми-зерттеу институты» ЖШС заң талаптарын бұза отырып, үшінші тұлғаларға берілгені анықталған.

Тексеру қорытындысы бойынша Медеу ауданы прокуратурасының талап-арызы негізінде сот жасалған мәмілелерді жарамсыз деп таныды.

– Прокуратураның талап-арызы бойынша сот мәмілелерді жарамсыз деп таныды. Нәтижесінде мемлекетке құны 300 млн теңгеден асатын активтер қайтарылды, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, 2 млн гектар пайдаланылмаған жер мерзімінен бұрын мемлекет меншігіне қайтарылды.

Соңғы жаңалықтар