• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 11 Қаңтар, 2026

Анар Бурашева әлемнің ең биік 7 шыңын бағындырған қазақ альпинисі атанды

90 рет
көрсетілді

Қазақстан альпинисі Анар Бурашева әлемнің барлық құрлығындағы ең биік жеті шыңды бағындырып, Seven Summits («Жеті шың») бағдарламасын орындаған Қазақстан тарихындағы алғашқы әйел атанды, деп жазады Egemen.kz.

Бұл жетістікке ол Антарктидадағы Винсон массивінің шыңына көтерілу арқылы қол жеткізді. Осылайша Анар Бурашева Қазақстан мен Орталық Азия тарихында барлық жеті құрлықтың ең биік нүктелерін бағындырған алғашқы әйел ретінде тіркелді.

Алматылық дәрігер Сингапурдан келген альпинисті құтқарып қалды

Альпинист екі жыл ішінде бірнеше шыңға шықты. Атап айтар болсақ, Эверест (8818 м, Азия), Аконкагуа (6962 м, Оңтүстік Америка), Денали (6194 м, Солтүстік Америка), Килиманджаро (5895 м, Африка), Эльбрус (5642 м, Еуропа), Винсон массиві (4897 м, Антарктида) және Пирамида Карстенз (4884 м, Австралия).

Жетістігі туралы спортшы әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлап, жоба серіктестері мен отбасына қолдау көрсеткені үшін алғыс білдірді.

Алматыда әйгілі альпинистке арналған көрме ашылды

Айта кетейік, «Жеті шың» бағдарламасы 1950-жылдары қалыптасқан. Әлемде бұл тізімді алғаш толық орындағандар қатарында Ричард Басс, Патрик Морроу және Райнхольд Месснер аталады. Ал әйелдер арасында бұл жетістікке алғаш болып жапондық Дзюнко Табэй 1992 жылы қол жеткізген.

Альпинист ел Конституциясын Гималайдағы Айленд Пик шыңына көтерді.

Соңғы жаңалықтар