Шымкенттің бұрынғы әкімі Ғабидулла Әбдірахымов енді «Samruk-Kazyna Construction» акционерлік қоғамының басқарма төрағасының операциялық қызмет жөніндегі орынбасары болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz.
Ғабидулла Әбдірахымов бұл қызметке 2025 жылдың 29 желтоқсанында тағайындалды.
Оның экономика және басқару салаларында білімі бар. Сондай-ақ «Болашақ» бағдарламасы аясында алған мемлекеттік басқару магистрі дәрежесінің иегері. Ол мемлекеттік қызмет жүйесінде, Президент әкімшілігінде және Үкіметте басшылық қызметтер атқарған, сондай-ақ Шымкент қаласының әкімі және Мәдениет және спорт вице-министрі болып жұмыс істеген.
Десе де Ғабидулла Әбдірахымов «Samruk-Kazyna Construction» басқарма мүшесі болып табылмайды.
Еске салайық, ол 2015–2017 жылдары, сондай-ақ 2018–2019 жылдары Шымкент қаласының әкімі қызметін атқарды. 2019 жылдың шілдесінде бұл лауазымнан босатылды.