Қаржылық мониторингтік агенттігі Қызылорда облысында заңсыз қаржы айналымын ұйымдастырып, есірткі сатылымынан түскен ақшаны пайда қылған қылмыстық топты әшкереледі, деп хабарлайды Egemen.kz.
Күдіктілер криптоәмиян арқылы жыл ішінде 1 миллиард 880 миллион теңге өткізген. Есірткі сатудан түскен 603 миллион теңгені тағы заңдастырған. Айласы көп алаяқтар шетел азаматтарына тіркелген дроп-карталарды пайдаланып келіпті. Қомақты қаржыға тұрғын үй, пәтер, 5 автокөлік сатып алып, сондай-ақ отбасылық мейрамхана салған.
Қазір аталған дерек бойынша тергеу аяқталып, қылмыстық іс сотқа жолданып отыр.