• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 06 Қаңтар, 2026

Зейнетақы қорынан тіс емдеуге 200 млрд теңге заңсыз шығарылған

30 рет
көрсетілді

Қаржылық мониторинг агенттігі (ҚМА) Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан (БЖЗҚ) азаматтардың зейнетақы жинақтарын заңсыз шығару дерегі бойынша тергеу жалғасып жатқанын мәлімдеді. Тергеу стоматологиялық клиникалардың басшылары мен өзге де тұлғаларға қатысты жүргізіліп жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

10-20% сыйақы

Зейнетақы жинақтары стоматологиялық қызмет көрсету туралы жалған келісімшарттар жасау және қолдан жасалған медициналық құжаттарды ұсыну арқылы шешіп алынған. Бұл заңсыз схемаға көмектескені үшін күдіктілер алынған қаражаттың 10-20 %-ы көлемінде сыйақы ұстап отырған.

42 стоматология

Қылмыстық схемаға 42 стоматологиялық клиника қатысып, жалпы сомасы 200 млрд теңгеден астам қаражатты заңсыз шығарған. Қылмыстық жолмен алынған табысқа күдіктілер қымбат жылжымалы және жылжымайтын мүлік сатып алған, сондай-ақ шынайы иелерін жасыру мақсатында үшінші тұлғалардың атына рәсімделген жаңа стоматологиялық клиникалар ашқан.

Зейнетақы төлемдері салықтан босатылып, көпбалалы отбасыларға шегерімдер енгізілді

Заңсыз төлемдер

Тергеу барысында 11 күдікті 2 ай мерзімге қамауға алынды, ал тағы 3 адамға қатысты бұлтартпау шарасы ретінде үйқамақ белгіленді. Сонымен қатар, медициналық мекемелердің дәрігерлері жүйелі түрде заңсыз сыйақы алу үшін дәрігерлік-консультациялық комиссиялардың жалған қорытындыларын бергені анықталды. Бұл заңсыз төлемдердің жалпы сомасы 30 млн теңгені құраған.

«Зейнетақы, жәрдемақы, айыппұл»: 2026 жыл ел тұрғындарына қандай өзгеріс әкеледі?

Сотқа дейінгі іс

Аталған деректер бойынша бірнеше сотқа дейінгі тергеп-тексеру жұмыстары басталды.

Зейнетақыны алу тәртібі өзгеруі мүмкін

Соңғы жаңалықтар