• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 31 Желтоқсан, 2025

Төрт облыстағы республикалық жолда көлік қозғалысы шектелді

10 рет
көрсетілді

ҚазАвтоЖол ауа райына байланысты төрт облыста жол жабылғанын хабарлады.

Бүгін, 31 желтоқсан сағат 18:00-дегі жағдай бойынша ауа райының бұзылуына байланысты 4 облыстағы 5 республикалық маңызы бар автомобиль жолында көлік қозғалысына шектеу қойылған:

Батыс Қазақстан облысы: 

- «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 189-492 шақырым аралығы (Атырау облысының шекарасынан Орал қаласына дейін);

- «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 273-526 шақырым аралығы (Барбастау ауылынан Ақтөбе облысының шекарасына дейін).

Жетісу облысы:

- «Үшарал – Достық» автожолының 84-164 шақырым аралығы (Көктұма ауылы – Достық стансасы).

Ақтөбе облысы:

- «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 526-610 шақырым аралығы (Батыс Қазакстан облысының шекарасынан Қобда елді мекеніне дейін). 

Атырау облысы:

- «Ақтөбе – Орал – РФ шекарасы» автожолының 179-189 шақырым аралығы (Индербор кентінен Батыс Қазақстан облысының шекарасына дейін).

Қазір республикалық жолдарды күтіп-ұстауға 762 бірлік арнайы техника жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар