• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Өндіріс 31 Желтоқсан, 2025

Ақтөбе облысында алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салынады

10 рет
көрсетілді

Президенттің өңдеу өнеркәсібін дамыту және инвестициялар тарту жөніндегі тапсырмаларын жүзеге асыру шеңберінде Үкімет Ақтөбе облысында «Қазақстанда алкогольсіз сусындар шығаратын зауыт салу» туралы келісімнің жобасын мақұлдады. Тиісті қаулыға Премьер-министр Олжас Бектенов қол қойды, деп жазады Egemen.kz.

Зауыттың құрылысы 2026 жылы басталады. Өндіріс орны іске қосылғанда 120-дан астам жаңа жұмыс орны ашылады. 

Ал жобаға «Кока-Кола Алматы Боттлерс» БК ЖШС инвестор болады. Жаңа өндірістік кешенге салынған инвестициялардың жалпы көлемі 41,9 млрд теңгені, жобалық қуаттылығы жылына 280 млн литр өнімді құрайды.

«Кәсіпорын халықаралық стандарттарға сәйкес келетін қалдықтарды басқарудың экологиялық таза жүйелері бар озық технологиялармен жабдықталады. Бұл зауыттың еліміздің тұрақты өнеркәсіптік экожүйесіне интеграциялануын қамтамасыз етеді», делінген Үкіметтің баспасөз қызметі таратқан хабарламада.

Бұған дейін Үкімет шағын бизнесті қолдаудың бірыңғай бағдарламасын ұсынған. Сондай-ақ келер жылғы экономикалық өсімді қолдау тетіктері де қаралды.

Соңғы жаңалықтар