• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғылым 28 Желтоқсан, 2025

2025 жылы ғылымды коммерцияландыру нәтижесі қандай?

0 рет
көрсетілді

Ғылым және жоғары білім вице-министрі Гүлзат Көбенова Үкіметтің жылдық есебіне арналған баспасөз мәслихатында отандық ғылымның коммерцияландыру бағытында нәтижеге жеткенін мәлімдеді.

Негізгі жетістіктер:

Satbayev University технологиясы бойынша «Қазақмыс Прогресс» ЖШС-де вакуумдық дистилляция әдісімен 99,5% тазалықтағы СТ-1 техникалық селенөндірген. Бұл өнімнің қосымша құнын 30%-дан 97%-ға дейін арттырған. 2025 жылдың қаңтарында Қытайға 100 тоннадан астам тазартылған селенэкспортталды. Алғашқы партия халықаралық стандарттарға толық сай. Назарбаев Университетілитий-ионды аккумуляторларға арналған катодты материалдар прекурсорын отандық шикізаттан өндіру технологиясын әзірлеген. Өндіріс әлеуеті $40 млрддеп бағаланды. «Қазақмыс» компаниясының R&D орталығы«Казгидромедь» ЖШС жанынан іске қосылды. ҚазМұнайГаз, Аризона және Қозыбаев университеттері күкіртті қайта өңдеу арқылы жоғары қосылған құны бар жаңа материалдар әзірлеп жатыр

Коммерцияландыру және инвестиция:

267 ғылыми жоба коммерциялану кезеңінде 62 жаңа келісімшарт жасалды Жеке инвестиция – 20,4 млрд теңге, қосымша 8,8 млрд теңге тарту жоспарланған Жобалар аяқталған соң жеке қаржыландыру үлесі 32%-ғажетеді

Әлеуметтік қолдау:

2024–2025 жылдары 576 жас ғалым баспанамен қамтылды 482 пәтер – «Отбасы банк» арқылы 94 пәтер –  қайтарымсыз негізде берілді
Соңғы жаңалықтар