Астана қаласы Сарыарқа ауданы Ықылас Дүкенұлы көшесінде орналасқан 3 қабатты ғимарат өртенді. ТЖМ қызметкерлері өртті сөндіріп жатыр, деп жазады Egemen.kz.
Оқиға орнында құтқарушылар жоғары дәрежеде жұмыс істеп жатыр. Зардап шеккендер туралы ақпарат 112-ге түскен жоқ.
«Өрт сөндіру оқпандары енгізілді, судың үздіксіз берілуі қамтамасыз етілді», делінген ТЖМ хабарламасында.