• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Әлем 23 Желтоқсан, 2025

Техаста Мексика әскери-теңіз күштерінің ұшағы апатқа ұшырады

30 рет
көрсетілді

Мексика әскери-теңіз күштеріне тиесілі ұшақ Монтеррей қаласынан (Нуэво-Леон штаты, Мексика) Техастағы Галвестон бағытына медициналық тапсырмамен аттанған. Апат Скоулз халықаралық әуежайына қону кезінде, қалың тұман мен көріну мүмкіндігінің шектелуі салдарынан болған, деп хабарлайды Egemen.kz.

TACC агенттігінің мәліметінше, ұшақ бортында барлығы сегіз адам болған: екі ұшқыш және алты жолаушы, олардың ішінде бір бала бар. Әуе кемесі Галвестон шығанағының суына құлаған.

Оқиғадан кейін бірден АҚШ-тың жергілікті билік орындарымен бірлесіп, іздеу-құтқару хаттамалары іске қосылды. Қазіргі уақытта құтқару жұмыстары жалғасып жатыр.

Соңғы жаңалықтар