Елімізде энергетикалық нысандардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында бірқатар жаңа мамандықтар пайда болады. Бұл туралы жылу энергетикасы саласындағы Салалық кеңестің отырысында айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.
Осы стандарт шеңберінде келесі жаңа мамандықтарды қарастырылған:
Зияткерлік (ақылды) желілерді жобалаушы; Энергия жүйелеріне (Smart Grid) ЖИ-ді әзірлеу және енгізу жөніндегі инженер; Энергетикалық желілердің киберқауіпсіздігі жөніндегі маман.Алматы энергетикалық кешені жаңғыртылып жатыр
Аталған мамандықтар Қазақстанның Жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласы негізінде қалыптастырылған. Олар заманауи білім беру бағдарламаларын жасауға және саланың цифрлық трансформация талаптарына сәйкес келетін кадрларды даярлауға бағытталған.
Қазақстанның 150-ден астам ұйымның топ-менеджерлері ЖИ бойынша білім алады
Айта кетейік, 2025 жылы салада энергетикалық жүйелерді басқару мен мониторингтеудің тиімділігін арттыруға, зияткерлік технологияларды енгізуге бағытталған «Смарт-менеджер» жаңа мамандығының карточкасы әзірленген болатын.
Нұрболат АМАНБЕК