• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қоғам 22 Желтоқсан, 2025

Мектеп оқушыларына 10 күндік демалыс беріледі

50 рет
көрсетілді

Екінші тоқсанның аяқталуына байланысты мектеп оқушылары 29 желтоқсан – 7 қаңтар аралығында қысқы каникулға жіберіледі. Бұл туралы Оқу-ағарту министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Министрлік мектеп оқушыларының қысқы демалысын тиімді өткізу мақсатында «Адал азамат» біртұтас тәрбие бағдарламасы аясында бірқатар іс-шараны ұйымдастыруға кеңес беріп отыр: 

кітап оқу; музейлерге, көрме залдарына, ғылыми орталықтарға және тарихи ескерткіштерге танымдық экскурсияларға бару; спорттық ойындарға қатысу, коньки, шаңғы тебу; қайырымдылық акциялары және басқа да іс-шараларға қатысу.

Десе де демалыс кезіндегі балалардың қауіпсіздігі басты назарда болуы тиіс. Осы мақсатта ересектер мен ата-аналар жол-көлік жарақаттарының алдын алуға, мектептің ішкі тәртібін сақтауға, балалардың қоғамдық қауіпсіздігіне, үйдегі өрт қауіпсіздігі және киберқауіпсіздікке көңіл бөлуі тиіс.

Соңғы жаңалықтар