Бүгін түнде, 22 желтоқсанда алматылықтар жерасты дүмпуін сезінді. Жер сілкінісінің ошағы Қытай аумағында орналасқан, деп хабарлайды Egemen.kz.
Қазақстан Ұлттық ядролық орталығының Геофизикалық зерттеулер институты деректер орталығының жедел мәліметіне сәйкес, жер сілкінісі Астана уақытымен сағат 02:16-да орын алған. Сейсмикалық оқиға Қытай аумағында тіркелді.
Жер сілкінісінің сипаттамасы:
Магнитудасы: 5,0. Алматыдағы сезілу деңгейі: 2 балл. Эпицентрі: Қытай аумағы, Как-Шаал-Тоо жотасы.Сейсмологтардың мәліметінше, жер сілкінісінің ошағы Бедель ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 33 шақырым жерде орналасқан. Эпицентр аймағында жерасты дүмпулерінің қарқындылығы 3,5 балды құрады.
Естеріңізге сала кетейік, 4 желтоқсанда Алматыда жер сілкінді.