• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ауа райы 16 Желтоқсан, 2025

Қостанай облысында қар құрсауында қалған 100 шақты автокөлік құтқарылды

50 рет
көрсетілді

Қарлы бораннның салдарынан «Жезқазған-Петропавл» автожолының 340-377 шақырым аралығындағы жол  екі күннен бері жабық тұр. Бұл бағытқа барлық көлік түрлері үшін қозғалыс шектелген, деп жазады Egemen.kz.

 

Бүгін полиция қызметкерлері мен «ҚазАвтоЖол» ҰК» АҚ өкілдері  арнайы техниканың күшімен қар құрсауында қалған 100 шақты автокөлікті Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін шығарып салды.

«Арнайы қызметтер  көмек көрсетуге қашанда дайын. Алайда жүргізушілерді қолайсыз ауа райында жолға шықпауға және қозғалысқа қойылған шектеулерді сақтауға шақырамыз», дейді облыстық полиция департаментінің баспасөз хатшысы Карина Базарбаева.

Қостанай облысы

 

 

Соңғы жаңалықтар