Түйсік көбіне «ішкі сезім» деп қабылданады, алайда ғылым оны мидың жедел талдау қабілетімен байланыстырады.
Ми біз байқамайтын ұсақ белгілерді, бұрынғы тәжірибе мен эмоциялық естеліктерді жылдам салыстырып, дайын шешім ұсынады. Сондықтан түйсікпен таңдау кенеттен туғандай көрінгенімен, оның артында күрделі нейрондық үдеріс жатыр. Зерттеулер көрсеткендей, қауіпті немесе маңызды сәттерде түйсік санаға қарағанда тезірек іске қосылады. Бұл – эволюция барысында қалыптасқан қорғаныс механизмі. Осы тұрғыдан алғанда, түйсік – мистикалық құбылыс емес, адам санасының ең терең әрі жылдам жұмыс істейтін қабаты.
Дайындаған – Рамазан ОРЫНБАСАР,
Л.Н.Гумилев атындағы ЕҰУ студенті