• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 05 Желтоқсан, 2025

Еленаның ерекше жетістігі

10 рет
көрсетілді

Еліміздің бірінші ракеткасы Елена Рыбакина жылды тамаша табыспен қорытындылады.

Алтын қыз маусым барысында ойнаған 78 матчта 516 қайта­рымсыз соққы (эйс) жасап, ерекше көрсеткішке қол жеткізді. Бұл – әйелдер турында соңғы тоғыз жыл ішінде бірде-бір спортшы жете алма­ған рекорд­тық нәтиже. Екінші орындағы теннисші, чех Линда Носкованың (№13) көрсеткіші – 66 ойында 373 эйс, айырмашы­лық айтарлықтай екені көзге ұрып тұр. Еленаның бұл жетістігі Гиннесс рекордтар кітабына енгізілгенін айта кеткен жөн.

2025 жыл Е.Рыбакинаның спорттық жолындағы ең табыс­ты маусымдардың бірі болды. Ол Страсбург (Франция), Нинбо (Қытай) қалаларында өткен WTA-500 турнирлерінде топ жарды. Ең бастысы, Сауд Арабия астанасы Эр-Риядта өткен WTA-ның қорытынды турнирінде тұңғыш рет жеңімпаз атанды.

Бас жүлдеге жету жолын­да еліміздің теннисшісі әлемнің жетекші ойыншыларын: топ­тық айналымда – Аманда Анисимованы (№4), Ига Швен­­текті (№2), Екатерина Алек­сандрованы (№10), жартылай финалда Джессика Пе­гуланы (№5) бірінен соң бірін еркін еңсерді. Шешуші матч­та әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы жеңіп, маусымды WTA рейтингінде бесінші орында аяқтады.

Соңғы жаңалықтар