Қазақстанның Азаматтық авиация комитеті Airbus әуе кемелеріндегі бағдарламалық қамтамасыз етуді жаңарту жұмыстары 29 қараша күні толық аяқталатынын хабарлады.
Ведомствоның мәліметінше, сағат 15:00-дегі жағдай бойынша 23 әуе кемесінде жаңарту орындалған, ал қалған 8 ұшақта (Ақтауда – 1, Астанада – 3, Алматыда – 4) жұмыс жоспарлы түрде жүріп жатыр және бүгін аяқталады.
Жалпы бақылауда 38 Airbus әуе кемесі тұр. Оның ішінде:
– 5 ұшаққа жаңарту қажет емес;– 2 әуе кемесі C-Check техникалық тексерісінде.
Астана және Алматы халықаралық әуежайлары штаттық режимде жұмыс істеп, рейстер кесте бойынша орындалуда.
«Рейстердің кешігуі жағдайында жолаушыларға көмек көрсету үшін тәулік бойы жұмыс істейтін колл-орталық іске қосылды», – деп хабарлады ААК.
Рейстердің мәртебесін жолаушылар мына нөмірлер арқылы біле алады:
Air Astana: +7 727 244 44 77, +7 717 258 44 77, +7 702 702 44 77 FlyArystan: +7 727 331 10 10 (WhatsApp: +7 702 702 02 27) SCAT: +7 7252 99 88 80 Qazaq Air: +7 727 356 14 14 Қазақстан авиациялық әкімшілігі: +7 7172 79 82 13 Астана әуежайы: +7 7172 70 29 99 Алматы әуежайы: +7 727 228 00 19Жолаушыларға рейстердің жаңартылған мәртебесін авиакомпаниялардың ресми сайттарынан алдын ала тексеру ұсынылады.