• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 29 Қараша, 2025

Сәкен Бибосынов құрамға ілікті: Бокстан әлем чемпионатына қатысатын Қазақстан құрамасы белгілі болды

50 рет
көрсетілді

Қазақстан ерлер құрамасы 3-13 желтоқсан аралығында Дубайда өтетін әлем чемпионатына дайындықты толық аяқтап, жарысқа қатысатын боксшылар тізімін ресми түрде жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Құрамды бас жаттықтырушы Қайрат Сәтжанов бастап барады.

Ұлттық құрама Ташкент қаласындағы бірлескен оқу-жаттығу жиынын қорытындылап, алдағы күндері Дубайға аттанады.

Қазақстан құрамасының толық құрамы:

48 кг: Теміртас Жүсіпов51 кг: Даниял Сәбит54 кг: Сәкен Бибосынов57 кг: Оразбек Асылқұлов60 кг: Серік Теміржанов63,5 кг: Ертуған Зейнуллин67 кг: Санатәлі Төлетаев71 кг: Абылайхан Жүсіпов75 кг: Сабыржан Аққалықов81 кг: Ерасыл Жақпеков86 кг: Дәулет Төлемісов92 кг: Нұрмағамед Юсупов+92 кг: Нұрлан Сапарбай

Бас жаттықтырушы: Қайрат Сәтжанов

Жарыс бағдарламасы:

2 желтоқсан, 17:00 – Жеребе тарту рәсімі 3-11 желтоқсан, 18:00-22:30 – Іріктеу жекпе-жектері, ширек финал, жартылай финал 13 желтоқсан, 18:30 – Финалдық бәсекелер

Өтетін орын: Dubai Duty Free Tennis Stadium

Соңғы жаңалықтар