• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 29 Қараша, 2025

Қауіпсіздік шифраторы

90 рет
көрсетілді

Киберқауіпсіздік – бүгінгі күннің ең маңызды мәселесі. Францияның өнеркәсіптік тобы құпиялығы шектелген хабарламаларды қорғауға арналған «Mistral» шифраторын шығарды.

Компания мәліметінше, «Mistral» болашақта пайда болуы мүмкін кванттық компьютер шабуылдарына төтеп бере алады. Жаңа шифратор, ең алдымен, мемлекеттік органдарға, стратегиялық маңызы бар инфрақұрылым операторларына, қорғаныс саласындағы компанияларға арналып жасалды. Яғни елдің қауіпсіздігін қамтамасыз ететін нысандарды кванттық технологиялар дәуіріндегі кибершабуылдардан қорғау – «Mistral»-дың басты миссиясы.

 

Соңғы жаңалықтар