• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға 28 Қараша, 2025

Байқоңырдан ұшырылған зымыранның бір бөлігі Ұлытауға құлаған

30 рет
көрсетілді

27 қараша күні Астана уақытымен сағат 14:27-де «Байқоңыр» ғарыш айлағынан ұшқыштар басқарған «Союз МС-28» зымыран-тасығышы ұшырылған. Аталған зымыран-тасығыштың бір бөлігі Ұлытау облысының елсіз аумағынан табылды, деп жазады Egemen.kz.

Қазір оқиға орнында «Роскосмос» мемлекеттік корпорациясының өкілдері мен Қазақстан-Ресей экологтары бірлесе жұмыс істеп жатыр. Мамандар тиісті есеп-қисапты жүргізіп, сынама алған. Алдын ала жасалған қорытындыға сай қоршаған ортаға байланысты экологиялық залал анықталмаған. Сондай-ақ тұрғындарға ешқандай қауіп төніп тұрмағаны белгілі болды.

Ал Ұлытауда табылған бөлік зымыран-тасығыштың металл конструкциясы екені анықталды. 

«Роскосмос» мемлекеттік корпорациясы зымыран-тасығыштың құрамдас бөлігін қалпына келтіру үшін қажетті материалдық бөлшектер жеткілікті екенін және жақын арада қалпына келтіру жұмыстары басталатынын хабарлады. 

Соңғы жаңалықтар