23 мамырда еліміздің ірі қалаларындағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубльдің орташа сатып алу және сату бағамдары ұсынылды, деп жазады Egemen.kz.
Kurs.kz мәліметінше, қазіргі уақытта Астанадағы айырбастау орындарында:
доллар 467 теңгеден сатып алынады, 474 теңгеден сатылады; еуро: сатып алу – 542 теңге, сату – 552 теңге; рубль: сатып алу – 6,35 теңге, сату – 6,65 теңге.Алматыда:
доллар: сатып алу – 467 теңге, сату – 474 теңге; еуро: сатып алу – 543 теңге, сату – 553 теңге; рубль 5,8- 6,8 теңге аралығында саудаланады.Еске сала кетейік 22 мамырдың кешкі сауда қорытындысы бойынша доллардың орташа бағамы 471,06 теңге болды.