• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 26 Қараша, 2025

Түркістандық дәрігерлер миына қан құйылған 3 айлық сәбиді аман алып қалды

20 рет
көрсетілді

Сарыағаш аудандық орталық ауруханасында 3 айлық сәбиді медициналық тексеру кезінде ми ішіне қан құйылғаны анықталған. Дәрігерлер шешімімен науқасқа шұғыл ота жасалған, деп жазады Egemen.kz.

 

Отаны Түркістан облыстық балалар ауруханасының нейрохирург-дәрігерлері жасаған.

Облыстық Денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, сәбидің ми қуысына сыртқы дренаж орнату операциясы сәтті аяқталған. 

«Ота барысында трепанация жасалып, арнайы түтікше арқылы 3-4 мл көлеміндегі қан жиналған аймақ толық тазартылды. Бір аптадан кейін нәресте Сарыағаш аудандық орталық ауруханасынан Түркістан облыстық балалар ауруханасына ауыстырылды. Қазір оның жағдайы тұрақты, қажетті ем-шара жүргізіліп жатыр», делінген хабарламада.

Енді дәрігерлер алдағы уақытта сәбиді компьютерлік томографияға түсіріп, жағдайына қарай түтікшені алып тастау немесе қосымша ота жасау мәселесін қарастырады. 

 

 

 

 

 

 

Соңғы жаңалықтар