• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 19 Қараша, 2025

12 жанның өмірін жалмаған өрт

20 рет
көрсетілді

Түркістан облысы Жетісай ауданының Алғабас ауылында екі қабатты жеке тұрғын үй өртеніп, 12 адам мерт болды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қайғылы оқиғаға байланысты марқұмдардың жақындарына көңіл айтты. Үкімет пен Түркістан облысының әкіміне зардап шеккен азаматтардың туған-туыстарына барлық қажетті көмек көрсетіп, аталған жағдайды жан-жақты тексеруді тапсырды.

Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің «101» пультіне сейсенбі күні таңғы сағат 6-ға жақын Алғабас ауылындағы екі қабатты жеке тұрғын үйдің өртенгені туралы хабарлама түскен. Оқиға орнына өрт сөндірушілер жеткенге дейін тұрғын үй толықтай өртке оранған. Қызыл жалын 360 шаршы метрді шарпыған. 5 өрт сөндіру техникасы, 16 жеке құрам жұмылдырылған. Үйдің ішінен (1 ер, 2 әйел, 9 кәмелетке толмаған бала), он екі мәйіт табылды. Құтқарушылардың айтуынша, өртті сөндіру кезінде үйден ес-түссіз күйдегі үш адам шығарылып, жедел жәрдем бригадасына тапсырылған.

Қайғылы оқиға болған үй көршілерінің айтуынша, алдыңғы күні үй иелері сүндет той өт­кізген. Үйде ағалы-інілі, яғни отағасының және туған ағасының отбасы бол­ған. Екі қа­бат­ты кірпіштен со­ғыл­ған үй газбен жылыты­ла­ды. Өрт­тің шығу себептері анықталып жатыр.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен құрылған, Премьер-министрдің орынбасары Қанат Бозымбаев төрағалық ететін Үкіметтік комиссия құра­мына Төтенше жағдайлар, Ішкі істер, Денсаулық сақтау, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрліктерінің, Түркістан облысы әкімдігінің басшылығы енгізілді. Зардап шеккендер мен қаза тапқандар­дың отбасыларына барлық қажетті медициналық және психологиялық көмек көрсетіліп жатыр. Әкімдікке өрт салдарынан қаза тапқандарды жерлеуді ұйымдастыруға жәрдем­десу тапсырылды.

Бала құқықтары жөніндегі уәкіл Динара Зәкиева әлеуметтік желідегі парақшасында қаза болғандардың отбасына көңіл айтты. «Өңірлік уәкіл психологиялық қолдау орта­лығы мамандарымен бірге оқиға орнына шықты. Өрттің шығу себебі мен мән-жайы тергеліп жатыр. Қаза болғандардың туыстарына көңіл айтамыз», деп жазды Д.Зәкиева.

Жетісай ауданында болған өртке байла­нысты өңірдің меди­циналық қызметі зардап шеккендерге жедел түрде көмек көрсетіп жатыр. Медициналық мекемелерге үш адам – екі ересек және бір бала жеткізілген. Дәрі­герлердің айтуынша, барлығы реанима­ция бөлімінде жатыр, жағдайлары өте ауыр. Оларға интенсивті терапияның толық кешені жүргізіліп, жағдайы салалық мамандардың бақы­лауына алынған.

Жетісай ауданында болған өрт оқиғасы бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бас­талды. Қазір аталған жағдайдың барлық мән-жайын анықтауға бағытталған қажетті іс-ша­ралар жүргізіліп жатыр. Тергеу нәти­жесімен процестік шешім қабылданатын болады.

 

Түркістан облысы 

Соңғы жаңалықтар