• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Төтенше жағдай 17 Қараша, 2025

Түркістанда жанармай бекеті отқа оранды

70 рет
көрсетілді

Облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, өрт алдымен бекет аумағында тұрған жүк көлігінен шыққан, кейін жалын ғимарат шатырына тараған, деп хабарлайды Egemen.kz.

«2025 жылы 16 қараша күні сағат 16:44-те Сайрам ауданы, Қарасу ауылы, Қарабұлақ тасжолындағы жанар-жағармай бекетінің жалпы көлемі 150 шаршы метр ғимаратының төбе жаппасы жанды. Өрт сағат 17:04-де оқшауланып, сағат 17:23-де толық сөндірілді. Зардап шеккендер жоқ», делінген хабарламада.

Оқиға орнына 40 құтқарушы мен 9 бірлік, сондай-ақ 103 қызметінің тобы және «Оңтүстік жарық транзит» ЖШС мамандары жұмылдырылған. Құтқару жұмыстары кезінде өрттің басқа нысандарға таралуының алдын алу шаралары толық атқарылған.

 

Соңғы жаңалықтар