• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 13 Қараша, 2025

Президент Қазақстан мен Марокко арасындағы құқық мәселесіне қатысты бірқатар заңға қол қойды

70 рет
көрсетілді

Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы ұстап беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына қол қойды.

Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Сондай-ақ Мемлекет басшысы «Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы сотталған адамдарды беру туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына және «Қазақстан Республикасы мен Марокко Корольдігі арасындағы қылмыстық істер бойынша өзара құқықтық көмек туралы келісімді ратификациялау туралы» Заңына қол қойды.

Заң мәтіндері баспасөзде жарияланады.

Соңғы жаңалықтар