• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Ғалам ғажаптары 12 Қараша, 2025

«Starlink» пайдаланушылары көбейді

1180 рет
көрсетілді

«SpaceX» компаниясының «Starlink» жобасы бұрын-соңды болмаған жылдамдықпен өсіп келеді. Спут­никтік интернеттің белсенді пайдаланушыларының саны 8 миллионнан асты. Бұл көрсеткіш небәрі жарты жыл бұрын 6 миллион болған.

Инвестор Сойер Мерриттің деректеріне сүйенсек, тамыз айынан бері «Starlink»-ке күніне орта есеппен 14 250 жаңа қолданушы қосылып отырған. Бұл – екі ай бұрынғы­дан шамамен 17% жоғары өсім. Бүгінде «Starlink» қызметі 150-ден астам ел мен аймақта қолжетімді. Соның ішінде, еліміз­де де бар. Компания жаңа спутниктерді ұшы­ру арқылы желі жылдамдығын арттырып, қамту аясын кеңейтуді жалғастырып отыр.

 

Соңғы жаңалықтар