• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 05 Қараша, 2025

Көкшетауда спорт кешені салынады

60 рет
көрсетілді

Президент тапсырмасы аясында Көкшетауда қайтарылған активтер қаражаты есебінен жаңа спорт кешені салынады. Үкімет осы мақсаттарға Арнаулы мемлекеттік қордан 12,6 млрд теңге бөлді.

Спорт кешенінде олимпиадалық стандарттың сертификатталған құрал­дарымен жабдықталған бокс, күрес, ауыр атлетика және кроссфитке арнал­ған залдар салынады. Бұл Көкшетауда республикалық, әлемдік деңгейдегі IBA жарыстарын өткізуге мүмкіндік береді.

Спорт кешенінің аумағында екі футбол алаңы, ядро мен найза лақтыруға арналған алаң, ойын-жаттығу аймақтары, әмбебап спорт алаңдары, жеңіл атлетика аймағы орналасатын болады. Халықтың мобильділігі төмен топтары үшін арнайы құрал-жабдықтар қарастырылған. Бұдан бөлек, өрт-қолданбалы спорт түрлеріне арналған скалодром мен мұнарасы бар әмбебап спорт залын ашу жоспарланып отыр. Мұнда кәсіби құтқарушыларды даярлайтын Азаматтық қорғау акаде­миясының курсанттары өздерінің кәсіби дағдыларын арттыра алады.

Мәдени-бұқаралық іс-шараларға арналған заманауи мультимедиялық жүйе­лері бар 650 орындық зал да қол­данысқа беріледі. Нысанда негізгі құрылыс жұмыстары аяқталды, ішкі әрлеу, абаттандыру және инженерлік желілер жүргізіліп жатыр. Нысанның жалпы дайындығы – 85%. Осы жылдың аяғы­на дейін пайдалануға беру жоспарланған.

Соңғы жаңалықтар