• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Спорт 06 Қазан, 2025

Қазақстан тенисшісі Қытайдағы турнирден үшінші орын алды

90 рет
көрсетілді

Қытайдың Бейжің қаласында өтіп жатқан China Youth Smash турнирінде Қазақстан құрамасы өкілі қола жүлдегер атанды, деп жазады Egemen.kz.

 

Жарыстың жартылай финалына дейін жеткен отандасымыз Алан Құрманғалиев үстел теннисінен жастар арасында екі дүркін әлем чемпионы қытайлық Вен Жуйбомен кездесті.

Қазақ спортшысы 4:0 көрсеткішімен қарсыласына есе жіберіп, турнирді қола медальмен аяқтады.

Айта кетелік, ол 1/4 финалда жастар арасында әлем чемпионы Ли Хеченді 4:3 есебімен ұтқан еді.

Соңғы жаңалықтар