• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 06 Қазан, 2025

Алматы әлемдік қолөнер қаласы мәртебесін алды

70 рет
көрсетілді

Бұл мәртебе қаланың Орталық Азиядағы жетекші мәдени және туристік орталық ретінде беделін күшейтеді, деп хабарлайды Egemen.kz. 

ALA CRAFT 2025 халықаралық фестивалі аясында Алматы қаласына World Craft City – әлемдік қолөнер қаласы мәртебесі ресми табысталды. Бұл шешімді World Crafts Council Дүниежүзілік қолөнершілер кеңесі қабылдады. 

Фестивальге Қазақстан, Азия, Еуропа, Австралия және АҚШ елдерінен 100-ден астам шебер қатысып, Орталық Азияның қолөнер саласындағы ең айтулы оқиғаға айналды.

Бұл мәртебе Алматының креативті индустрия, мәдени туризм және қолөнер экожүйесін дамытуына серпін береді.

 

Соңғы жаңалықтар