Қостанай облысындағы «Алтын Дала» резерватының аумағына құландар тобы жіберілді. Тұяқтылар көлемі 56 гектар қашада 1 жыл ұсталып жерсінді, сондай-ақ қатаң климатқа бейімделген. Құланның бірнешеуіне күн батареясымен қуаттанатын GPS қарғыбау мен белгі тағылды, деп жазады Egemen.kz.