• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Экономика 25 Қыркүйек, 2025

Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі артқан

30 рет
көрсетілді

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, Қазақстанда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 14,3 % өсіп, 11 543,1 млрд теңгені құраған, деп жазады Egemen.kz.

Инвестицияның басты көзі кәсіпорындардың өз қаражаты болып отыр. Бұл сома -  7 320,3 млрд теңге. 

Бюджет қаражаты 23% құрап, өткен жылмен салыстырғанда 42,6% артқан. Банктердің қаржыландыру үлесі – 3,5 пайызды көрсеткен.

Өңірлер арасында инвестицияның ең жоғарғы көрсеткіші 49,3 пайызбен Ақмола облысы тіркеген, Актөбе облысында (38,7%), Астана қаласында (35,8%), Жамбыл облысында (32,4%) және Алматы қаласында (26,1%) байқалған.

Инвестициялық қаражаттың басым 68,3% ғимараттар мен құрылыстардың салынуына және күрделі жөндеуіне бағытталған. Машиналар, жабдықтар және көлік құралдарын алуға жалпы шығынның 27,2% жұмсалған.

Салалар бойынша негізгі капиталға салынған инвестицияның ең көп үлесі өнеркәсіпке (37,3%) тиесілі (оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібі мен карьерлерді игеру – 15,7%, өңдеу өнеркәсібі – 11%), одан бөлек жылжымайтын мүлік операциялары (19,4%), көлік және қойма (18%), білім беру саласы (7,3%) да айтарлықтай үлеске ие.

Соңғы жаңалықтар