• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 27 Желтоқсан, 2020

Нұр-Сұлтанда қауіпті тұрғын үйлерді азайту бойынша жұмыс қарқынды жүріп жатыр

143 рет
көрсетілді

Нұр-Сұлтанда көктемнің басынан бастап қауіпті тұрғын үйлерді жөндеу бойынша ауқымды жұмыстар басталды. Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бағдарламасы бойынша жөнделген көп пәтерлі тұрғын үй кешендерінің жалпы саны 2020 жылы 50-ден асады, сондай-ақ 100-ге жуық лифт жөнделіп, ауыстырылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.

«Елордада қауіпті тұрғын үй кешендерін жөндеу бойынша жұмыстар жүргіземіз. Бұл құлап жатқан плиталар, жанғыш төсемдер, апатты жағдайдағы жеделсатылары бар үйлер. Мысалы, «Территория комфорта – 2» көппәтерлі тұрғын үй кешені бәріне белгілі. Тұрғындар кездесулер барысында үйде тұрудан үрейленетінін айтқан. Олар желді күні балаларын далаға шығаруға қорқады екен. Бұған себеп - үйді қаптап тұрған плиталардың жиі құлауы»,  деді елорда әкімі Алтай Көлгінов.

Бұл көппәтерлі тұрғын үй кешенінде ауқымды жұмыстар жүргізілді: қасбеті толық ауыстырылды, керамогранит плиталар алынып тасталды, жылытқыштар, қабатаралық, өрт жағдайына арналған есіктер және тағы басқалары ауыстырылды. Бұрын үй пайдалануға берілмеген еді, ТК-ның мекенжайы болмады. Тұрғындар пәтерлерінде тіркеле алмады, яғни өздері тұратын ауданның әлеуметтік нысандарының қызметтерін пайдалана алмады.

Әкімнің айтуынша, енді бұл мәселелер шешілді. Бүкіл құжаттаманы дайындалды.. Енді үйдің өз ресми мекенжайы бар. Мамандар пәтер иелеріне техникалық паспорт беру үшін пәтерлер аумақтарын өлшеуге кірісті.

Сонымен қатар Нұр-Сұлтанда апатты жағдайдағы үйлерді бұзу жұмыстары жүргізілуде. 2019 жылы 200-ге жуық отбасы жаңа тұрғын үйге көшірілді, биыл 200-ден астам отбасын көшіру жоспарлануда.

Соңғы жаңалықтар