Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев балаларды қорғау күнімен құттықтады. Бұл туралы шаҺар басшысы Twitter парақшасында жазды.
«Халықаралық балаларды қорғау күнімен құттықтаймын! Бала — отбасының бақыты, оның мызғымас тірегі. Бүгінде тәрбие мен отбасылық құндылықтарды нығайту қоғам мен мемлекеттің басты басымдығы болып табылады. Әр баланың дені сау, бақыт құшағында өсуі үшін бәрін жасаймыз» деп жазды Б.Сағынтаев.