• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Саясат Бүгін, 10:00

Әлеуметтік сала: ілгерілеу мен іркілістер

10 рет
көрсетілді

Үкіметте Премьер-министрдің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Шығыс Қазақстан облысының әлеуметтік саласын дамыту мәселелері бойынша кездесу өтті. Жиынға салалық министрліктердің басшылары мен өкілдері, сондай-ақ облыс әкімі Нұрымбет Сақтағанов қатысты.

Шығыс Қазақстан облысы өткен жылы ана өлімі тіркелмеген санаулы өңірлердің қатарында аталды. Сонымен қатар өңірде медициналық кадрлардың тап­шылығына байланысты бір­қатар жүйелі мәселелер бар екені, сондай-ақ бір жасқа дейінгі балаларды вакцинациялау бойынша белгіленген көрсеткіштің толық орындалмағаны айтылды.

Облыста ғылымды дамыту мәселесіне де ерекше назар аударылды. Бұл салада айтарлықтай нәтиже бар. Атап айтқанда, 664 ғылыми жұмыс жарияланып, 67 әзір­леме өндіріске енгізілген. Өңірде өңдеуші өнеркәсіп­ке арналған кобальтсыз қатты қорытпалар әзірленіп жатыр, сондай-ақ травматология мен ортопедияда қолданылып жатқан 20-дан астам медициналық имплантат түрі жасалады.

Сонымен қатар облыста орта білім беру сапасын арттыруға бағытталған жұмысты күшейту қажеттігі атап өтілді. Өңірде ерекше назар аударуды талап ететін басым бағыттар айқында­лып, соның ішінде оқушылардың оқу, математикалық және жараты­лыстану-ғылыми сауаттылығын жүйелі түрде дамыту жұмыстарын жандандыру қажеттігі көрсетілді.

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі деректеріне сәйкес, өңірде жұмыссыздар саны, оның ішінде жастар арасын­дағы жұмыссыздықтың артқа­ны бай­қалады. Өндірістік жарақат­тану мәселелері де өзекті болып отыр.

Өңірде туристік инф­ра­­­құры­лымды, навигация мен са­ла­ны ақ­параттық қолдауды, сон­дай-ақ инк­люзивті спортты да­мыту қ­осым­ша назар аудару­ды қажет етеді.

Жиын қорытындысы бойынша Аида Балаева әлеуметтік салада көр­сетілетін қызметтердің сапасын арттыру, халық арасында ақ­параттық-түсіндіру жұмыс­тарын күшейту мен ведомствоаралық өзара іс-қимылды жолға қою жө­нінде нақты тапсырмалар берді. 

Соңғы жаңалықтар