• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
25 Маусым, 2019

Қасым-Жомарт Тоқаев жарақаттанған азаматтардың көңілін сұрады

830 рет
көрсетілді

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Арыс қаласындағы жарылыстардың кесірінен жарақат алған азаматтардың көңілін сұрады.

«Мемлекет басшысы Арыстағы жарылыстардан зардап шеккендер жатқызылған Шымкент қаласындағы ауруханаға барды. Қасым-Жомарт Тоқаевқа жарақат алғандардың жағдайлары туралы баяндалды. Президент төтенше жағдай болған аймақта дәрігерлік көмек көрсетуді ұйымдастыру бойынша қосымша шаралар қабылдауды тапсырды. Сондай-ақ, зардап шеккендерге тезірек жазылып кетулерін тіледі», деп жазды Президенттің баспасөз хатшысы Берік Уәли фейсбуктегі  парақшасына.

Соңғы жаңалықтар