Халықаралық тәжірибеге сүйенсек, Қ.Тоқаев секілді президенттік лауазымға келген азаматтар қызметін тиісті мерзімнің аяғына дейін атқаруға мүмкіндігі бар еді. Алайда Президенттің кезектен тыс сайлау өткізу туралы шешімі мемлекетшілдік мұраттан туындаған қадам деп қабылдаймыз. Сондықтан біз бұл шешіммен санасып, оны қабылдауға тиістіміз. Менің ойымша, бұл – қоғамға көрсетілген үлкен құрмет.
Азат ПЕРУАШЕВ,
«Ақ жол» демократиялық партиясының төрағасы, Мәжіліс депутаты