34 жастағы әзілкеш Нұрлан Сабуровқа Ресейге 50 жылға кіруге тыйым салынғаны және оның әуежайда ұсталғаны хабарланды. Бұл шектеулер оның Украинадағы соғысқа айтқан сынына байланысты болуы мүмкін. Сондай-ақ оған көші-қон және салық заңнамасын бұзды деген айып тағылғаны туралы болжам бар. Аталған ақпарат ресейлік Telegram-арналарда тараған, деп жазады Egemen.kz.
Бұдан бөлек, Сабуровтың Ресей аумағында жалпы құны 60 миллион рубльден асатын мүлкі бар екені анықталды. Ол Ресейде тапқан қаражатын делдалдар арқылы «жылыстатты» деген күдікке ілінген.
Mash басылымының мәліметінше, әзілкеш Дубайға депортацияланудан бас тартып, өз еркімен елге қайтқан.
Айта кетейік, Сабуров 2025 жылы Ресейде көші-қон заңнамасын бұзып, елде рұқсат етілген мерзімнен артық болған. Ол кезде айыппұлмен ғана құтылып, елден кетуге және кейін белгіленген тәртіп бойынша қайта кіруге екі апта уақыт берілген.
Сондай-ақ өткен жылы әзілкештің Ресейдегі концерті бірнеше рет тоқтатылған.
Әзілкеш Нұрлан Қоянбаев жаңа қызметке тағайындалды