• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Оқиға Бүгін, 17:19

Ақтауда ірі өрт болды: Зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр

10 рет
көрсетілді

Ақтауда автокөліктерге техникалық қызмет көрсету станциясында (СТО) ірі өрт шығып, екі адам ауыр жарақат алды. Өрт салдарынан станцияның екі боксы отқа оранып, бірнеше автокөлік толығымен жанып кеткен. Өңірлік ТЖД мәліметінше, зардап шеккендердің бірі жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

Lada.kz -тің жазуынша өрт 6 ақпан күні таңертең 29А шағынауданында орналасқан техникалық қызмет көрсету орталығында болған. Өрт сөндіру бөлімшесіне дейінгі қашықтық шамамен 4 шақырымды құрайды.

Өрт кезінде екі гараж боксы толығымен өртке оранған. Екі адам термиялық күйік алып, облыстық ауруханаға жеткізілді. Ғимарат ішінде үш автокөлік зақымданған: Mercedes-Benz көлігінің қозғалтқыш бөлігі мен салоны жанып кеткен, сондай-ақ Mercedes-Benz GL 460 пен Toyota Alphard толықтай өртенген. Бұдан бөлек, сыртта тұрған Mazda 626 және Toyota Corolla автокөліктері де зақымданды.

Үш адамның өмірін қиған өрт: Қылмыскер 25 жылға сотталды

Өрттің жалпы аумағы 150 шаршы метрді құрады, ал техникалық қызмет көрсету орталығы ғимаратының жалпы ауданы – 600 шаршы метр.

Зардап шеккендердің бірі – 1993 жылы туған, Өзбекстан азаматы. Оған басы, беті, тыныс алу жолдары, мойны, екі қолы мен аяғы, кеуде тұсы, іші және арқасы күйген деген диагноз қойылған. Дене бетінің зақымдану көлемі шамамен 90 пайызды құрайды.

Екінші зардап шеккен адам да орталық қызметкері. Оның бас терісі, бетінің екі жағы, екі құлағы, кеудесінің сол жақ бөлігі, екі қолы, екі санының алдыңғы-ортаңғы бөлігі және екі табаны жалыннан күйген. Зақымдану көлемі 25-30 пайыз, күйік дәрежесі – II–III АБ. Сонымен қатар жоғарғы тыныс алу жолдарының ингаляциялық термиялық күйігі анықталған.

Екі науқастың да жағдайы ауыр деп бағаланып отыр. Олар емханаға жатқызылып, өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған.

Павлодарда салынып жатқан көпір өртенді

Өрт 09:21-де оқшауланып, 10:43-те толықтай сөндірілді. Өрттің шығу себебі анықталып жатыр.

Өртті сөндіруге 23 ТЖ қызметкері мен 4 техника бірлігі, полиция департаментінен 8 қызметкер мен 4 техника, сондай-ақ Апаттар медицинасы орталығынан 4 қызметкер мен 1 техника тартылды.

Астанада дәмханадан өрт шықты

Соңғы жаңалықтар