Алдағы үш тәулікте қатты аяз күтілуде деп хабарлайды Қазгидромет баспасөз қызметі.
Қазақстанның басым бөлігінде қар, бұрқасын, күшті жел, ал оңтүстік облыстарда тұман және көктайғақ күтіледі. Бірақ, қардан кейін Қазақстанға арктикалық ауа массалары таралып, республиканың солтүстік, орталық және шығыс облыстарында 35-45°С аяз тудыратын болады. Оңтүстік облыстарда да күн суытады. Мұнда ауа температурасы кей жерлерде минус 22-30°С дейін төмендейді.