• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Президент 30 Қыркүйек, 2017

Елбасы Астананың 20 жылдығын мерекелеу туралы Өкімге қол қойды

530 рет
көрсетілді

Президент Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы Өкімге қол қойды. Бұл туралы Ақорданың баспасөз қызметі хабарлады.

Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу туралы

Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеуді дайындау және өткізу мақсатында:

1. Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі комиссия (бұдан әрі -Комиссия) құрылсын.

2. Мыналар:

1) «ЕЛ ЖҮРЕГІ - АСТАНА» Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын мерекелеу тұжырымдамасы;

2) Комиссия туралы ереже;

3) Комиссияның құрамы бекітілсін.

3. Қазақстан Республикасының Үкіметі Астана және Алматы қалаларының, облыстардың әкімдерімен бірлесіп:

1) екі ай мерзімде Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын дайындау және өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарын әзірлеп, бекітсін;

2) Қазақстан Республикасының елордасы - Астана қаласының 20 жылдығын өткізу жөніндегі іс-шараларды уақтылы қаржыландыруды қамтамасыз етсін.

4. Осы өкімнің орындалуын бақылау Қазақстан Республикасы Президентінің Әкімшілігіне жүктелсін.

Қазақстан Республикасының Президенті Н. Назарбаев

Астана, Ақорда, 2017 жылғы 27 қыркүйек

№ 188

Соңғы жаңалықтар