• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 28 Тамыз, 2017

Болашақтың бекем бағдары

232 рет
көрсетілді

Елбасы Н.Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағ­дар­ламалық мақаласының халық арасында таралу барысына жасалған әлеу­мет­тік зерттеулердің алдын ала қорытындыларына қарағанда, оны қолдай­тындардың қатары жоғары екендігі байқалған. Сауалдамаға қа­тыс­қандардың 82 пайыздан астамы оның қажеттілігін айтқан. Ал таза қол­дай­мыз дегендер 90 пайызға жуық болған. Бұл туралы «Жаңғырту 3.0: ру­хани жаңғыру» атты халықаралық ғылыми-практикалық конференцияда Еу­разиялық интеграция институтының директоры Ғани Нығыметов мәлім етті. 

Конференция жұмысына Премьер-Министр Кеңсесі басшысының орынбасары Ержан Бабақұмаров қатысып, құттықтау сөз сөйледі. Ол Президенттің алғашқы екі жаңғырту бағыттары экономика мен кон­ституциялық реформаға қатыс­ты болса, үшіншісі, қоғамдық сананы жаң­ғыртуға арналғанын атап өт­ті. Осы­лардың ішіндегі ең маңыздысы ру­ха­­­ни жаңғыру. Өйткені, ол еліміздің жа­ңару жолындағы шешуші қадамын іс­ке асыратынына тоқталды. Ол осы конференцияға қатысып отырған барлық ғалымдар мен сарапшылардың ұсыныстары мен пікірлері билік үшін рухани жаңғы­ру­дың дұрыс бағдарын анықтауға септігін ти­гізетінін ескерте келіп, «Фран­цияның ұлы перзенттерінің бірі Шарль де Голль халықтың қолдау ресурсына ие болып, өз заманының сипатын анықтай алмаған саясат құлдырауға ұшы­райды деген екен. Менің ойымша Президент Н.Назарбаев өзінің осы бас- тамасын жасарда өз заманының сипатын толықтай ұққан деп санаймын», деп қорытты. 

Конференцияда алғашқы баяндаманы Қазақстан Республикасы Пре­зи­дентінің жанындағы Стратегия­лық зерт­теулер институтының дирек­торы Зарема Шәукенова жасады. Институттың әлеуметтік зерттеулеріне қа­рағанда ха­лықтың саяси белсенділігі ар­тып ке­леді. Бұрынғы 13 пайыздан қа­зір ол 31 пайызға дейін көтерілген. Осы­ның өзі халқымыздың азаматтық бел­сенділігінің, өзіндік позициясын біл­діруге ұмтылушылығының, жаң­ғы­руға, жасампаздыққа талпы­нуының жайын көрсетіп тұр. «Өздерінің сұра­ны­­сын олар көбінесе интернеттегі әлеу­мет­тік желілердің ақпаратымен қа­на­ғат­­тандырады. Ал интернеттің те­ріс ақпараттарын реттеуге ешкімнің де ша­ма­­сы жетпейді. Сондықтан да, қо­ғамның сая­си құрылымын жасаудың ма­ңызы зор», дей келіп шешен одан әрі өзі­нің сөзінде бұл қызметті «Нұр Отан» пар­­тиясы атқаратынын тілге тиек етті. Со­ны­мен бірге, ол, стратегиялық зерт­теу­лер қазақстандық жастардың ба­тыс­тық құн­ды­лықтарға бейім екенін анық­тағанын жет­кізді. 

Екінші баяндаманы «Қасиетті Қазақстан» ғылыми-зерттеу орталы­ғы­ның жетекшісі Берік Әбдіғалиұлы жа­сады. Президенттің бағдарламалық мақа­ласының дәл бүгінгі күні жарыққа шығуы себебі: сын-қатерлердің көбейіп бара жат­қандығынан екенін айта келіп, олар­ға өзіміздің ұлттық құндылық­та­рымызды жаңғырту арқылы қарсы тұруға болатынын атады. Одан әрі шешен өздерінің бүгінгі күнге дейін атқарып жатқан жұмыстарына қыс­қаша шолу жасап өтті. Соның ішін­де халықтың киелі деген жер­лерін түгендеп, қағазға түсіріп жат­қан­дарын айтты. Мәселен, Таңбалы тас, Аңырақай, Орбұлақ, Бұланты си­яқты жерлердің еліміздің бірлігінің, ер­лігінің, тұтастығының символы ретінде жаң­ғыртылатыны жеткізілді. 

Ш.Уәлиханов атындағы Тарих және этнология институтының дирек­торы Зиябек Қабылдинов баян­дамасында Елбасы өзінің бағдар­ламалық мақала­сын­да рухани жаңғыру біздің ұлттық та­ри­хымызға, салт-дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызға негіз­делетінін айт­қа­нына баса назар ау­дарды. Қазақстан қазір­гі жаһан­да­ну дәуірінің бір бөлшегі ғана болып қалмай, адамзатқа өзіндік құнды­лық­та­рын да таныта білуі керек. Үндінің ұлы перзенті Рабиндранат Тагор: «әрбір халықтың міндеті өзінің ұлттық келбетін әлемге таныту, егер олай жасамаса бұл ұлттық қылмыс болады» деп жазған екен дей келіп,  одан әрі рухани жаңғырудың Пре­­зидент белгілеген жолдары тура­лы ойларын ортаға салды. Соның ішінде латын әрпіне көшу жайына тоқталып, кириллицаның көптеген таң­баларының өзі латын әліпбиінен алын­ғандығын еске салды. Ал тәуелсіз Қазақ­стан­ның әлемнің келіссөз алаңына, ту­ристік орта­лы­ғына айналғанын жас ұр­пақ көріп отыр. Халықаралық ортада тек латын әр­пінің қолданылатындығына олар көзін жеткізуде, деді. 

Конференцияда басқа да белгілі ғалымдар, шетелдік мамандар өздерінің ойларын ортаға салып, талқыланған мәселе бойынша ұсыныстарын айтты. 

Жақсыбай САМРАТ, «Егемен Қазақстан»

Соңғы жаңалықтар