• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 25 Тамыз, 2017

Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары Эрик Солхеймді қабылдады

310 рет
көрсетілді

Парламент Сенатының Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев БҰҰ Бас хатшысының орынбасары, БҰҰ Қоршаған ортаны қорғау бағдарламасының (ЮНЕП) Атқарушы директоры Эрик Солхеймді қабылдады, деп хабарлады Парламент Сенатының баспасөз қызметі.

Парламент жоғарғы пала­та­сының басшысы Қа­зақстанның БҰҰ-мен ын­­тымақтастығының жоға­ры деңгейін атап өтіп, БҰҰ Қоршаған орта жө­ніндегі бағ­дар­ла­масының Ас­та­надағы ЭКСПО-2017 көр­месіне белсенді қатысқаны үшін ризашылық білдірді.

«Қазақстан БҰҰ-ның мақсат­тары мен мін­дет­терінен еш айны­майды, қа­зіргі замандағы маңыз­ды мәселелерді шешудегі Ұйым­­ның басты рөлін нығай­туды жақ­тайды. Қазақ­стан тұрақты емес мүше болып сайланған БҰҰ-ның Қауіпсіздік Кеңе­сі бейбітшілік пен қауіп­сіз­дікті сақтаудың ең не­гізгі тетігі болып табылады», деп атап өтті Сенат Төрағасы.

Жүздесушілер БҰҰ ая­сында экологиялық қауіп­сіздікті қам­тамасыз ету­дегі ортақ күш-жігер­ді үй­лестіру жолдарына қа­тысты пікір алмасты. Климат өз­герістерімен тиімді күрес үшін Париж келісімінің негізгі ере­же­лерін орын- ­даудың маңыздылығы атап өтілді. Сенат Төр­ағасы бұл құжатты уақы­тында рати­фика­ция­лаған Қазақстанның оның ере­желерін іске асыруға қаты­суға әзір екенін айтты.

Кездесу барысында Ас­та­на халықаралық қаржы орталы­ғы­ның, «Жасыл» технология­лар­ды да­мыту жөніндегі халық­­аралық орталықтың және «Бо­ла­­шақтың энергиясы» ин­вести­циялық жобалар аясында БҰҰ-мен ынты­мақ­тастықтың келе­шегі талқы­ланды. Э.Солхейм Қазақ­­станның «жасыл» эко­но­микаға көшу үрдісін қызу қолдауға ниет білдірді және қоршаған ортаны қор­­ғау мәселелері бойынша ай­мақтық ынтымақ­тастықты нығайту жайын қозғады.

Қ.Тоқаев ЮНЕП Хат­шы­лы­ғы­ның Алматыда Субаймақтық бюросын ашу туралы шешімі үшін алғыс білдірді. Ол бұл қа­ланы көптарапты дипломатия үшін аймақтық торапқа ай­нал­дыруға ықпал етеді.

Соңғы жаңалықтар