Қазақстанда «Стоп-кредит» қызметі кеңінен танымал бола бастады. Бұл сервис азаматтарға өз атына несие немесе микрокредит рәсімдеуге ерікті түрде шектеу қоюға мүмкіндік береді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің дерегінше, бұл қызметті 5 миллионнан астам адам пайдаланып үлгерген, деп хабарлайды Egemen.kz.
«Стоп-кредит» сервисі азаматтарды алаяқтықтан қорғауға және қажетсіз қарыздардың алдын алуға бағытталған. Оны белсенді түрде онлайн сатып алулар жасайтын, маркетплейстерді пайдаланатын және банк карталарын қолданатын адамдар жиі пайдаланады.
Бұл шектеу тек кредит бюролары арқылы тексерілетін ұйымдарды қамтиды. Ал ломбардтар мен несие бюросына есеп бермейтін өзге де ұйымдарға бұл шектеу қолданылмайды.
Банк табысы азайса, несие пайызы өсе ме?
Қызметті eGov.kz порталы немесе мобильді қосымша арқылы оңай қосуға болады. Қажет болған жағдайда оны кез келген уақытта алып тастауға мүмкіндік бар.
2026 жылдың 16 наурызындағы мәлімет бойынша, 5,1 миллионнан астам азамат бұл қызметті қосқан. Бұл халықтың қаржылық қауіпсіздікке және өз несие тарихын бақылауға деген қызығушылығының артқанын көрсетеді.