• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Елорда Бүгін, 16:22

Астанада жылу маусымы осы аптада аяқталуы мүмкін

20 рет
көрсетілді

Астана қаласында жылу маусымы жақын күндері тоқтатылуы ықтимал. Бұл туралы қала әкімдігі хабарлады, деп жазады Egemen.kz.

Ережеге сәйкес, сыртқы ауа температурасы қатарынан бес күн бойы +10°C-тан жоғары болған жағдайда жылу беру тоқтатылады. Синоптиктердің болжамынша, осы аптада елордада негізінен жылы ауа райы күтіліп, орташа температура +16°C шамасында болады.

Осыған байланысты жылу маусымы осы аптада аяқталуы мүмкін. Дегенмен, 15 сәуірден кейін ауа температурасы төмендеп, +7°C пен +11°C аралығында болады деп болжанып отыр.

Теміртау тұрғындары қақаған аязда жылусыз отыр

Салыстырмалы түрде алғанда, 2025 жылы Астанада жылу 21 сәуірде өшірілген болатын. Ол кезде де суық күндердің жақындағанына қарамастан, жылу маусымы аяқталған.

Жылу маусымына тиянақты қамданыс

Соңғы жаңалықтар