• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Аймақтар 23 Тамыз, 2017

Жолаушыларға жағдай жасалмақ

200 рет
көрсетілді

Әсіресе, қалалы жерлерде көлік қозғалысын реттеу қиын. Бұған жолдың тарлығы да, көліктің көптігі де әсер етпей қоймайды. Сондықтан, көлік қоз­ғалысын реттеу арқылы қау­іп­­сіздікті қамтамасыз ету де бас­ты назарда болуы тиіс. Бүгінде Тараз қаласында 369 мың тұр­ғын бар. Сол тұрғындардың 100 мыңға жуығы «Алматы –  Шымкент» бағытындағы темір жол желісінің арғы бетінде тұ­ра­ды. Қазіргі кезде шаһардың екі бөлігі арасындағы көлік қа­тынасы Абай көшесінде ор­наласқан тек қолданыстағы жал­ғыз жол өткелі арқылы қам­та­масыз етіліп келеді. 

Соңғы жылдары өңірдегі кө­лік қозғалысының қарқыны екі-үш есеге өскені байқалады. Сон­дықтан да қолданыстағы жал­ғыз жол өткелі көлік ағымын иге­ре алмай отыр. Оған қоса, Қыр­ғыз Республикасы шекарасы мен «Айша бибі» кеден бекеті бағыты арқылы тәулігіне 4-5 мың автокөлік қатынайды. Мұның бәрін қосқанда өңірдегі көлік қозғалысы мен жол мәсе­ле­сі осы уақытқа дейін күн тәр­ті­­бінде тұрған еді. 

Алайда Тараз қаласындағы Айша бибі көшесінің соңында ор­наласқан, құрылысы тоқса­нын­шы жылдары басталып, бі­рақ әлі күнге дейін бітпеген жол өткелін қайта жаңартып, пай­да­лануға беру бұл мәселенің оң шешімі болғалы тұр. «Аталған жол өткелін қайта жаңарту мақ­са­тында, облыстық бюджет есе­бінен қажетті жобалық-сме­та­лық құжаттама әзірленіп, оған мемлекеттік сараптаманың оң қорытындысы алынған. Жо­баның құны 1 миллиард 917 миллион 311 мың теңгені құ­рай­ды. Жобаны іске асыру үшін 2016 жылы республикалық бюд­­жеттен 1 119 миллион тең­­ге қарастырылып, «Арай­стро­й­­маркет» ЖШС мердігер бо­­лып танылды. Келісімшарт кө­лемі 1 828,1 миллион теңге. Ал өткен жылға бөлінген қаржы толығымен игерілді», дейді об­лыс­тық құрылыс, жолаушылар кө­лігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы 

Ә.Ахатаев. Сондай-ақ, басқарма бас­шысы қайта жаңарту жұмыс­та­рын аяқтау мақсатында биыл облыстық бюджет­тен 709,1 миллион теңге бөлін­ге­нін де жеткізді. Бүгінгі таңда ны­сан­ның құрылыс-монтаж жұ­мыстары күнтізбелік жұмыс­тар­ды орындау кестесіне сәйкес жүр­гізілуде екен. Бұдан кейін көр­ші Қырғызстанға қарай қа­ты­найтын айналма жол салу да жос­парда бар. Бұл өз кезегінде жо­лаушыларға жасалған жақсы жағ­дай болып табылады. 

Жалпы, аталған жол өт­келін қай­та жаңартып, пайда­ла­нуға бе­­ру Тараз қаласы тұр­ғын­да­ры­ның қауіпсіз қозғалуына әрі өңір­дегі көлік қозғалысының реттелуіне мүмкіндік беретін болады. 

Хамит ЕСАМАН, «Егемен Қазақстан»       Жамбыл облысы

Соңғы жаңалықтар