• RUB:
    6.68
  • USD:
    520.93
  • EUR:
    609.07
Басты сайтқа өту
Қазақстан 04 Мамыр, 2017

«Кемпірқосақ түстері» баурап алды

392 рет
көрсетілді

Федор Достоевскийдің әдеби-мемориалдық мұражайында Балалар көркемөнер мектебі оқушыларының «Кемпірқосақ түстері» атты шығармашылық көрмесі ашылды.

Өнер мектебі 2012 жылдан бас­тап тәр­бие­ле­нушілерінің жұмыстарын кө­рермен назарына ұсынып келеді. Бұл жолғы экспозицияға әрқилы мәнерде орындалған 76 жұмыс қойылған. Атап айтқанда, сұң­ғат, графика, линогравюра, батик, папье-маше, витраж, киіз басу сияқты небір қолөнер туын­дыларының озық үлгілері бар. Мұражайдың ғылыми-экспозиция бөлімінің жетекшісі Ирина Соловьеваның айтуынша, көрмеге ұсынылған дүниелер оқушылардың сабақта игеретін жұмыстарының б­іраз бөлігі ғана екен. Осынау алғашқы еңбектеріне қарап, олардың қоршаған ортаға деген құрметін аңғаруға болады. Оның үстіне жеке шығармашылықтың қалыптасуы бейнелеу өнерімен ай­налысу кезінде пайда бола­ды екен. Малика Мусина, Ай­­­дана Алдоңғар сияқты та­лап­­тылар болашағынан үл­­­­­­­кен үміт күттіреді. Ұйым­дастырушылардың пікі­рінше, шығармашылықпен айналысу әр баланы қуаныш сезіміне бөлейді. Олар заттар мен құбылыс туралы ойланып, керекті әдістерін меңгеріп, бейнелеу өнерінің қыр-сыры туралы білім алатын болады. 

Раушан НҰҒМАНБЕКОВА

СЕМЕЙ

Суреттерді түсірген автор

Соңғы жаңалықтар